Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық арасында шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат тарап кетті
Кейбір азаматтар ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бері ушықтырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжіліс отырысында Президент елдегі орын алған жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет күрделі қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен сынақты еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз керек. Сондықтан еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған маңызды міндет. Өкінішке қарай, халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат тарап кетті. Бұл жағдайдың бірнеше себебі бар. Кейбір азаматтармыз ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бері ушықтырды. Бірақ бізге керегі тек ақиқат қана», - дейді Президент.
Оның айтуынша, оқиғаларды мұқият зерттей отырып, жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар.
«Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық. Жамбыл облысында болған жағдай, тіпті провокацияға тап болған оқиғалар, митингілер мен шерулер негізінде іске асып отыр», - дейді Мемлекет басшысы.