11.01.2022, 09:43
Жаңалықтар
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктен бизнеске келген шығын 95 млрд теңгеден асты
Еліміздің 9 өңірінде 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды
Фото ашық дереккөзден
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске келген шығынға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша байланыс орталығына 3 507 қоңырау түскен. Оның ішінде:
- Мародерлық мәселелері бойынша – 1669;
- форс-мажор – 138;
- блок-бекеттер – 2;
- зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11;
- жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671.
Еліміздің 9 өңіріндегі 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары:
- Сауда – 1448;
- қоғамдық тамақтану – 32;
- қаржы секторы – 37;
- логистика – 9;
- БАҚ – 2.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 93,8 млрд теңге – Алматыда.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды