$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент ауруханаларында тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен 48 адам жатыр

Зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы ауыр

Шымкент ауруханаларында тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен 48 адам жатыр
Фото ашық дереккөзден

Шымкент ауруханаларында тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен 48 адам жатыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқастардың көпшілігіне оқ тиіп, ауыр жарақат алған. 

Шымкенттегі тәртіпсіздіктер кезінде ауруханаларға 100-ден аса адам жүгінген. Оларың жартысы әскерилер мен құқық қорғау қызметкерлері. Қазір көпшілігі өз өтініші бойынша ауруханадан шығып, қызметіне оралған.

"Қазір Шымкент ауруханаларында 40-тан аса науқас емделіп жатыр. Көбінде оқ жарақаты немесе басқа ауыр жарақаттар", - деді Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов.

Қаланың бас  дәрігерінің мәліметінше, 2 медицина қызметкері жараланған, 7 жедел жәрдем көлігі бүлінген. 

 

Серіктес жаңалықтары