Бұзақылар елдегі Каспий банктің 20 бөлімшесін қиратқан

Автор: Azattyq Rýhy

Зақымданған банк бөлімшелері уақытша жабық

tengrinews.kz

Тонаушылар Қазақстан бойынша Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесін қиратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Зақымданған Kaspi.kz бөлімшелері уақытша жабылған.

"Полиция бүлінген ғимараттарда ешнәрсеге тиіспеуді сұрады. Ол жерден саусақ іздері алынып, оқиға орны тексеріледі. Сондықтан бүлінген құрылғыларды әлі алған жоқпыз. Тергеу аяқталғаннан кейін бірден жөндеу жұмыстарын бастаймыз", - делінген банк хабарламасында.

Бұл ретте банк қанша банкомат бүлінгенін нақты айта алмады. Қазақстан бойынша 1 990 банкомат бар, оның 1 435-іне байланыс бар.

"435 банкоматты адамдар қолданып, қолма-қол ақша ала алады. Қалған 555 банкомат жабық ғиамарт ішінде, әлі ашылмаған бөлімшелерде тұрған банкоматтар. Сондықтан, олар әзірше есепке алынбаған. Қазіргі мақсат техникалық және физикалық мүмкіндігі бар банкоматтарды толтыру. Бұл - маңызды", - деді банк өкілі.