10.01.2022, 13:17
Жаңалықтар
Астанада ҰҚК полковнигінің мәйіті табылды
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Көрнекі фото
Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2022 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды.
Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
