Қызылордада ахуал тұрақтала бастады
Ал контр-террористік операция жалғасуда
Қызылордадағы ахуал тұрақтала бастады. Қазіргі уақытта өңірдегі жағдай толық бақылауға алынған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүлікшілердің салған ылаңынан Қызылорда қаласындағы 9 мемлекеттік нысанға өрт қойылған. Олардың ішінде облыс әкімдігі, облыстық және қалалық соттың ғимараты, "Нұр Отан" партиясының ғимараты өртенген.
Сондай-ақ қазіргі уақытта экстремистердің шабуылы кезінде жараланған 48 адам ауруханада жатыр. Олардың 19-ы жансақтау бөілімінде. Полиция департаменті әзірге 80 күдіктінің ұсталғаны жөнінде ақпарат берді.
Дегенмен 8 қаңтардан бастап қалада тіршілік қайта қалпына келе бастады. Қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Базарлар ашылды. Ал контр-террористік операция жалғасуда.