09.01.2022, 14:23
Жаңалықтар
Алматыда қоғамдық көлік жұмысы ертеңнен бастап жанданады
Ал метро ТЖ режиімі аяқталғанға дейін жұмыс істемейді
Алматы қаласында қоғамдық көлік жұмысы кезең-кезеңімен қалпына келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша осы жылдың 10 қаңтарынан бастап 11 бағыт бойынша қоғамдық көлік іске қосылады. Олар сағат 07.45-20:00 аралығында жұмыс істейді. Олар – №34, №118, №38, №205, №206, №16, №11, №128, №141, №65 бағыттағы автобустар.
Қоғамдық көлік мынадай бағыт бойынша қатынайды:
- № 11: Саин - Райымбек - Тәтібеков - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
- № 128: Саин - Жандосов - Алтынсарин - Абай - Достық - Самал ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
- № 141: Рысқұлов - Розбакиев - Райымбек - Саяхат - Достық - Мұзтау ықшамауданы (Бутаковкадан бұрылады) (кері осы бағыт бойынша),
- № 65: Саин - Төле би - Абай - Достық - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
- № 206: Төле би - Саин - Төле би көшесі бойымен - ҮААЖ (кері осы бағыт бойынша),
- № 38: Әл-Фараби - ҮААЖ - Саин - Рысқұлов,
- № 205: Жетісу базары - ҮААЖ - Төле би - Темирязев - Саин - әл-Фараби (кері осы бағыт бойынша),
- № 16: Төле би - Саин - Төле би көшесі бойымен - Желтоқсан/Наурызбай батыр - Гоголя - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша),
- № 118: Райымбек - Саин - Абай - Назарбаев - Төле би - Қалдаяқов - Гоголя - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша).
Бұл автобустардың 11-12 қаңтарға арналған бағыты. Басқарма қала маңындағы қоғамдық көлік жұмысы туралы қосымша ақпарат тарататынын мәлім етті.
Ал Алматы метросы ТЖ режиімі аяқталғанға дейін жұмыс істемейді.
Көп оқылған
05.06.2026, 09:46
«Қазақ энциклопедиясын» меншіктеп алған: түрмедегі Мұхамедиұлының тағы да бір миллиардтаған былығы әшкереленді
05.06.2026, 10:40
«Әділдік іздеймін деп сотқа барған ағам қазір өлім аузында жатыр»: Ордабасыда күйінген мұғалім қарнына пышақ салды
05.06.2026, 13:59
«Ер Тарғынның сәйгүлігі»: әкімдік пен мәслихат «LRT» атауын «Тарлан Астана» деп ауыстыратын болды
05.06.2026, 10:53
Үздік 20 мұғалім Оңтүстік Кореяға барады: Астанада «EduAI: Педагогикалық хакатоны» басталды
05.06.2026, 08:25
Павлодар облысында көлік аударылып, бір бала қаза тапты