ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Қарағандыда жылу магистралін жөндеу кезінде үш жұмысшы суға күйіп қалды

Олардың біреуінің денесі 50 пайыз күйген

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда жылу магистралін жөндеу кезінде құбыр жарылып, коммуналдық қызметтің үш жұмысшысы ыстық суға күйіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 

Дереу ауруханаға жеткізіліген олардың біреуінің денесі 50 пайыз күйіп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал құбырдан атқылаған ыстық су екі ықшамауданды басып, 800-ге тарта көпқабатты үй жылудан ажыратылды. Қазір коммуналдық мекеме ол үйлерді қосымша жылу магистраліне қосып, негізгі құбырдың жарылған жерін жөндеп жатыр.

Мамандардың айтуынша, екі ауданды байланыстырып тұратын 800 миллиметрлік жылу магистралінен ақау шыққан. Оны жөндеуге келгендер ыстық суды тоқтатпақ болғанда, жаңартылмағанына 25 жыл болған ескі құбырдың әлсіз жері жарылыпты.