$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2020, 00:53
Жаңалықтар

Елордада жүз мың теңге пара берген әйел он жылға сотталуы мүмкін

Ол өзіне қатысты қылмыстық істі оңды шешу үшін тергеушіге пара бермек болған

Елордада жүз мың теңге пара берген әйел он жылға сотталуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Елордада тұратын 56 жастағы әйел өзіне қатысты қылмыстық істің ретін оңды шешу үшін тергеушіге 100 мың теңге пара бермек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасының тергеушісі қалалық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгініп, қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан фигуранттардың бірінен 100 мың теңге көлемінде ақша аударылғанын айтқан. Жедел-тергеу амалдарын жүргізу нәтижесінде, сондай-ақ жемқорлық қылмысы туралы дер кезінде ескерткен тергеушінің адалдығының арқасында, аударылған ақша қайтарылғаннан кейін Полиция басқармасының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласының 56 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қылмыстық істің оңды шешілуі үшін жүз мың теңгені пара ретінде аударған», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің өкілдері

Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қалалық полиция департаменті пара беру 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары