Алматы облысында табылған қар барысы «Алтын Емел» паркіне қайтарылды
«Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағында қар барысының 10-ға жуығы мекендейді

Алматы облысының даласында жергілікті тұрғындар түсірген қар барысы «Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағына қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін ҚР БҒМ Зоология институтының қызметкерлері ирбиске GPS қарғысын кигізген. Енді қар барысының қозғалысын осы спутниктік құрылғының координаттары бойынша бақылайтын болады. Бұл «Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағында тұратын қар барыстарына орнатылған үшінші GPS қарғысы.
2022 жылдың 3 қаңтарында сағат 12:00-де Алматы облысы Кербұлақ ауданы Кербұлақ ауылының тұрғындары далада қар барысын тапты. Адам жақындаған кезде барыс қашуға да, жасырынуға да тырыспады. Табылған барыс туралы тұрғындар табиғат қорғау органдарына хабарлады.
Жануармен бірге қалып, олар «Алтын Емел» ұлттық паркі мен Охотзоопром РМҚК инспекторларының оқиға орнына келуін күтті. ҚР БҒМ мамандары Зоология институтының ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп, жануарды қимылсыз қалдырып, оны парк аумағына тасымалдады, онда сағат 20:00-де Ирбис өзіне үйреншікті мекендеу орындарына сәтті шығарылды.
Фотоқақпандардың көмегімен алынған мәліметтер бойынша, «Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағында қар барысының 10-ға жуығы мекендейді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық рәмізінің популяциясын сақтауды Snow Leopard Foundation мен ҚР БҒМ Зоология институты бірлесіп жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес, қар барысы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген.