04.01.2022, 18:31
Жаңалықтар
Маңғыстауда сұйылтылған газ бағасы 50 теңге болып белгіленді
Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді
Фото: ашық дереккөзден
Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.
Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.
Сонымен қатар тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды