Министрлік Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқанымен, оны өндіру көлемі ұлғаймай, өткен жылдар деңгейінде қалғанын атап өтті
ҚР Энергетика министрлігі газ бағасының қымбаттауына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, 2019 жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы (бұдан әрі – СМГ) сауда-саттығына өту басталған.
«Үш жыл ішінде (2019-202 ж.ж.) кезең-кезеңмен ЭСА арқылы өткізілетін сұйытылған газ көлемі ұлғайды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап СМГ сауда-саттығының тауар биржалары арқылы 100% өтуі (СМГ-ны мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы СМГ-ны тұтынатын абоненттер үшін СМГ-ны өткізуді қоспағанда) жүзеге асырылды.
Сұйытылған мұнай газы электрондық сауда-саттық арқылы өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және кемсітпейтін жағдайлар жасайды және СМГ-ның қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік беред», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Бұл ретте СМГ өндірісінің көлемі ұлғаймай, өткен жылдар деңгейінде қалды.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаулықтар газ бағасын төмендетуді талап етіп, наразылыққа шықты
Электрондық саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде СМГ-ға бағаны теңдестіруге мүмкіндік береді, бұл жаңа өндірістік қуаттарды құруға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, нарықтық механизмдер бәсекелестіктің дамуына оң әсер етеді, өнімді емес делдалдардың нарыққа әсерін азайтады, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
«ЭСА-ға көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өндірушілер үшін шығынды болды, өйткені ол өзінің өзіндік құнынан төмен бағамен жіберілді.
2022 жылғы қаңтар айына өнім берушілер Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын (беру жоспары бойынша бөлінгендерден 96,5%) сатып алды», - делінген хабарламада.
20-24 желтоқсан аралығында электрондық сауда алаңында (ЭСА) бес сауда сессиясы өткізілді, оның барысында сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасы қалыптасты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды
Мәселен, Маңғыстау облысына қаңтар айында сұйытылған газды жеткізудің орташа көтерме бағасы тоннасына 133 126 теңгені немесе литріне 78 теңгені құрады.
Бұл ретте бөлшек сауда бағасы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау ауданында литріне 100-120 теңгені құрады.