02.01.2022, 13:41
Жаңалықтар
Бибісара Асаубаева әлем рейтингінде үздік ондыққа қосылды
Бұл қазақстандық шахматшының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі емес
Фото: ашық дереккөзден
Польша астанасында блицтен ФИДЕ-нің әлем чемпионатында топ жарған шахматшы Бибісара Асаубаева рейтингте көтерілді, деп жазады Рrosports.kz.
Бибісара Асаубаева 14 ұпай жинап, алтын жүлдені жеңіп алды. Екінші және үшінші орынға ресейлік Александра Костенюк (12,5 ұпай) пен Валентина Гунина (12 ұпай) жайғасты.
Осы жеңісінен соң Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 10-шы орынға көтерілді.
Бұл қазақстандық шахматшының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін ол жылдам шахматтан (рапид) күміс жүлдені иеленген болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды