Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмды
Республика бойынша КВИ жұқтырған 196 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 2 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 3 адам қайтыс болды.
2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 468 адам коронавирус инфекциясынан (–14 537+ және 1 931 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 101 пациент стационарда, 14 367 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 196 адамның жағдайы ауыр,
- 69 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24 жаңа жағдай тіркелді, 38 адам жазылып шыққан, өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 84 229;
- өлім жағдайы – 5 216;
- барлығы 77 082 адам сауығып шықты.