КВИ таралуы бойынша бір өңір ғана «сары» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 407 адамнан коронавирус анықталды

 
Фото: bbc.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы ғана «сары» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Матрица бойынша:

«Қызыл» аймақта: бірде-бір өңір қалған жоқ;

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 407 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 988 313 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 4 адам көз жұмды.