$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2020, 16:07
Жаңалықтар

Ұшаққа мұз қатып қалған – Роман Скляр Алматыда болған апат себебін атады

Барлығы 4 нұсқа қарастырылған 

Ұшаққа мұз қатып қалған – Роман Скляр Алматыда болған апат себебін атады

27 желтоқсанда Bekair ұшағының апатқа ұшырауы себептеріне  қатысты брифинг өткізген ҚР  Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр негізі версияны атады.

«Комиссия 25 желтоқсан сағат 00:00-ден – 27 желтоқсан таңғы 8:00 аралығындағы ауа райына қарап, тұрақта екі тәулік бойы тұрған ұшақтың үстіңгі жағын мұз басып қалғанын жоққа шығармайды. Басқа нұсқалар бойынша комиссия халырақаралық авиация комитетімен, Нидерландының әуе қатынастары бойынша құзырлы органымен жұмысты жалғастырып жатыр. Осылайша, метеорологиялық жағдайды, қара жәшіктің ақпаратын тексере келе апаттың негізгі себебі ұшақтың үстіңгі қабатында мұз қалуы екені алға тартылып отыр», - деді Р. Скляр.

Барлығы апатқа себеп болуы мүмкін төрт нұсқа қарастырылған.

«Біріншісі- ұшаққа артық салмақтың қосылуы. Екінші- сыртқы факторлар, оның ішінде желдің күшеюі, алдында кеткен ұшақтың түтіні (спутный след – авт.) және мұз қату. Үшінші - экипаждың қателігі. Төртінші- авиациялық техниканың істен шығуы.

Тексеру нәтижесі әуе кемесінде артық салмақтың болмағанын көрсетті. Екінші нұсқа бойынша айтар болсақ, ұшақ көтерілер уақытта ұшу алаңында жел тұрақты болды. Желдің күші  - 130-140 градус бағытында 1-2 метр секунд. Ал ұшақтардың жөнелтілу уақыт аралығы 110 секундты құрады. Сондықтан оның алдында көтерілген ұшақтың түтіні апатқа әсер ете қойған жоқ», - деді Премьер-министр орынбасары.

Еске салсақ, 27 желтоқсан күні Алматы әуежайы маңында BekAir компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.  Ішкі істер министрлігі берген ақпаратқа сәйкес 12 адам қаза тапты.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары