31.12.2021, 07:24
Жаңалықтар
Қарағандыда басқа адамның атынан 1 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Қарағандыда басқа адамның атынан 1 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ер адам белгісіз біреу оның деректерін пайдаланып, жалпы құны 1 млн теңге болатын екі ұялы телефонды несиеге сатып алғанын айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, 37 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті