Тоғыз үйді тонаған ұрылар қолға түсті
Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмысын толықтай мойындады
Саяжайдағы тоғыз үйге ұрлыққа түскен екі қызылордалық құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында саяжайда үй ұрлығымен айналысқан екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында күдіктілер жасаған қылмысын толықтай мойындады. Олардың тоғыз үй ұрлықтарына қатыстылығы анықталды. Үй ұрылары тұрмыстық заттарды ұрлаумен айналысқан.
Қазіргі таңда олардың екеуі де уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.