$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Корея басшысының арықтап қалғаны қызу талқыға түсті

Билікке келген 2011 жылы Ким Чен Ынның салмағы шамамен 90 кг болыпты

Солтүстік Корея басшысының арықтап қалғаны қызу талқыға түсті

Орталық телеграф агенттігі Кореяның Еңбек партиясы орталық комитеті пленумының соңғы отырысындағы Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынның суретін жариялады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Суреттен КХДР басшысы қатты арықтағанын байқауға болады.

Биыл БАҚ беттері Ким Чен Ын қатты арықтағанын бірнеше рет хабарлады. Қазан айында Оңтүстік Кореяның тілшілері КХДР жетекшісі шамамен 20 кг тастағанын хабарлады.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, билікке келген 2011 жылы Ким Чен Ынның салмағы шамамен 90 кг болыпты. Денсаулығына мән бермеген ол 2020 жылға қарай салмағы 140 кг-ға дейін көтерілген.

Осыған байланысты Солтүстік Корея басшысының ауырып жүргені туралы қауесет те жоқ емес. Бірақ солтүстіккореялық БАҚ мұны жоққа шығарды, олардың хабарлауынша 37 жастағы Ким Чен Ын елдің игілігі үшін көп жұмыс істегендіктен арықтап қалған. Өз кезегінде Оңтүстік Кореяның кейбір БАҚ беттері оның салауатты өмір салтын ұстанғанын жазуда.

Серіктес жаңалықтары