$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ер адам 50 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

Ол 1989 жылы Семей қаласына көшіп келген

ШҚО-да ер адам 50 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

ШҚО-да ер адам 50 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары күн сайын жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

2021 жылы 200-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылып, ҚР азаматының жеке куәлігіне рәсімделді. Мәселен, бірнеше апта бұрын Семей қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты бойынша өмір сүріп келген 54 жастағы ер адамға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға көмектесті.

Новосібір облысының тумасы 1989 жылы Семей қаласына көшіп келген. Қазақстанға келгеннен кейін үйленген, бүгінде оның екі баласы бар, бірақ осы уақытқа дейін қызыл паспортын жеке куәлікке айырбастамапты. Ер адамның өзі мұны оның істі аяғына дейін жеткізуге мүмкіндігі болмағанын айтып, түсіндірді және 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыссыз өмір сүріп, шағын табыспен айналысқанын айтқан.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды жинап, Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары