27.12.2021, 15:31
Жаңалықтар
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды
Ол 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген
ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Айдос Мерекеұлы Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м. а. болып бастады.
- 2009-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.
- 2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.
- 2016-2018 жылдары — Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.
- 2018-2020 жылдары — Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.
- 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
02.01.2026, 13:59
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 60 адам эвакуацияланды
02.01.2026, 11:42
Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
02.01.2026, 12:22
5 қаңтарда Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты жарық көреді
02.01.2026, 13:29
2026 жылы Қазақстанға 1,8 мыңнан астам вагон мен локомотив жеткізіледі
02.01.2026, 16:47
Қазақстанда 2026 жылдан бастап балалар лагерлері лицензияланады
02.01.2026, 12:50
ШҚО-да бір мезетте үш көлік жолдан шығып кетті