$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Балаларды оқтаумен ұрған»: Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің ерсі әрекеті жұртты шошытты

Тәрбиеші жұмыстан шығарылды

«Балаларды оқтаумен ұрған»: Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің ерсі әрекеті жұртты шошытты
Көрнекі фото

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жеке меншік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оқиға Жетісу ауданындағы жекеменшік «Сәби бала» атты балабақшада болған. Бейнежазба балабақшада орнатылған камераға түсіп қалған. Онда тәрбиеші алдымен кішкентай қыздың шашынан тартып жұлқылаған. Ал артынша қолына оқтау алып, партада отырған балаларды ұрып шығады. Сондай-ақ, балабақша қызметкерінің тағы бір бүлдіршіннің құлақшекесінен ұрған сәті де анық көрінеді.

Azattyq Rýhy тілшісі балабақша меңгерушісіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға 24 жетоқсан күні болған. Тәрбиешіні бүгін заң аясында жұмыстан шығардық. Басқа ақпарат бере алмаймын», - деді балабақша меңгерушісі.

Тәрбиеші аталған мекемеде екі жылдан бері жұмыс істеп келген. Балаларының қорлық көргенін білген ата-аналар полицияға арыз түсірген.

«Аталған факт ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істің материалдары Жетісу аудандық ПБ өңдірісінде. Тергеу аясында өрескел фактілердің мән-жайы міндетті түрде зерттеледі және тәрбиешінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, оған сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы қалалық ПД  Баспасөз қызметі.

Айта кететін жайт, аталған балабақша жұмысын бүгінде жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары