Мемлекеттік органдардың 1000-нан астам сайты бір платформаға біріктірілді
Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласы туралы жылдық есеп дайындалды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов өз баяндамасында «Ашық үкімет» порталдарының редизайнына және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының бастапқы бетінің іске қосылуына назар аударды.
Өз кезегінде Министр Аида Балаева МО ИРБП және «Ашық үкімет» порталдарын халық арасында танымал ету қажеттігін атап өтті.
«Мұндай ресурстардың бар екенін халыққа кеңінен хабарлау маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ-ды тарта отырып, бұл ақпараттық ресурсты насихаттау бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді және келесі жылдың басында тиісті іс-шараны жоспарлауды ұсынамын» - деп атап өтті А.Балаева.
Сонымен қатар жиында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды көздейтін мемлекеттік аппараттың бюрократизмін төмендету жөніндегі жол картасын орындау мәселесі қаралды.
Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов мемлекеттік органдардың ашық деректермен, ресми сайтпен және басқа да ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу кезіндегі кемшіліктер туралы баяндады. Сондай-ақ, ақпараттың өзектілігі мен ақпаратты толтыру көрсеткіштері бүгінде 100%-дан аз (төмен) мемлекеттік органдар тыңдалды.
«Комиссия мониторинг және бақылау мәселелерінде принципшіл болуы тиіс. Келесі жылы комиссия алаңында мемлекеттік органдарды Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінен бастап жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жеке тыңдау қажет», - деп атап өтті министр А.Балаева.
Бұдан басқа, министр мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ашық деректердің халық арасында сұранысқа ие және танымал болуы тұрғысынан бірыңғай тізбені пысықтауды ұсынды. Отырыс соңында комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды. Министр ай сайынғы негізде, ақпараттық ашықтықтың төмен көрсеткіштері бар мемлекеттік органдарды тұрақты тыңдай отырып, комиссия отырыстарын өткізуді ұсынды.
Комиссияның ұсынымдары бойынша, ақпаратты пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында мемлекеттік органдардың 1000-нан астам сайты бір платформада - МО ИРБП-ға біріктірілді (www.gov.kz ).
Комиссияның тікелей қатысуымен биыл алғаш рет Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есеп дайындалды.