АҚШ-та пандемия кезінде азаматтарға берілетін көмектің 100 млрд доллары ұрланды
Әр штатта пандемиямен байланысты алаяқтықтың 900-ден астам қылмыстық ісі тергелуде
АҚШ барлау қызметі коронавирустық пандемияға байланысты бизнеске көмектесу және жұмысынан айрылған америкалықтарға көмектесу үшін жасалған бағдарламалардың бюджетінен кем дегенде 100 миллиард доллардың ұрланғанын мәлімдеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Пандемияға байланысты алаяқтықпен күрес жөніндегі үйлестіруші Рой Доцонның айтуынша, бұл сома көмекке бөлінген 3,4 триллион доллардың 3% құрайды.
Белгілі болғандай соманың басым бөлігі алаяқтық әрекетімен ұрланған. Еңбек министрлігі «87 миллиард долларға жуық қаражат жұмыссыздық бойынша жәрдемақы ретінде дұрыс төленбеген болуы мүмкін» деген фактіні айтқан.
Барлау қызметі жұмыссыздық пен қарызды сақтандыру бойынша алаяқтық әрекеттерді тергеу кезінде 1,2 миллиард доллардан астам ақшаны тәркіледі. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта әр штатта пандемиямен байланысты алаяқтықтың 900-ден астам қылмыстық ісіне тергеу жүргізілуде, сондай-ақ, 100 адамның қамауға алынғаны белгілі болды.