$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы актив портфелі жоғары банктер анықталды

Екінші деңгейлі банктер активі жағынан Halyk Bank көш бастап тұр

Қазақстандағы актив портфелі жоғары банктер анықталды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық банктердің активтері бір айда 449,9 млрд теңгеге ұлғайып, қараша айында 36,01 трлн теңгеге жетті деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері ақшалай мәнде өсім 4,84 трлн теңге болды. Нарықта екінші деңгейлі 22 банк жұмыс істейді. Тіркелген қаржы институтының саны – 21.

Екінші деңгейлі банктер активі жағынан Halyk Bank көш бастап тұр. Бір айдың ішінде актив көлемі 276,5 млрд теңгеге артса, жыл басынан бері Halyk Bank активтерінің портфелі бір жыл ішінде 1,36 трлн теңгеге өсті. Айлық өсім бойынша көшбасшылар үштігіне Kaspi Bank және Ситибанк Қазақстан енген. Жылдық динамикада үздік үштікке Halyk Bank-тен басқа Jusan Bank (2,68 трлн) пен Сбербанк (4,03 трлн) кіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары