«Батыста -23 градусқа дейін аяз»: «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
21-23 желтоқсан кезеңінде Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді — бұрынғысынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстікте негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын өтеді.
«Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
23 желтоқсанға жақын, Қара теңіз аудандарынан антициклон шығарылады — ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста түнде 8...23 аязға, күндіз 5...15 аязға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5 ...15 аязға, күндіз 0...8 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 5 аяз...5 жылуға, күндіз 0...10 жылуға дейін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.