$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЭКСПО аумағында еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді

Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады

 
ЭКСПО аумағында еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді

Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының жанында еліміздің бас жаңажылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт болады. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Жұлдызды орындаушылардың арасында-Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Сондай-ақ Жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар да болады", - делінген хабарламада.

Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.

Серіктес жаңалықтары