$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Н. Нығматулин: Зейнетақы қоры бір айда неліктен халықтың алдына шығып жауап бере алмағаны түсінікті

Мәжіліс төрағасы Жанат Құрмановқа жиынға келерде дұрыстап дайындалып келу керегін айтты

Н. Нығматулин: Зейнетақы қоры бір айда неліктен халықтың алдына шығып жауап бере алмағаны түсінікті

Бүгін Мәжіліс отырысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында депутат БЖЗҚ басшысына зейнетақы қорына қатысты сұрақ қойған болатын. Алайда Жанат Құрманов қойылған сауалға дұрыс жауап бере алмады.

«Бір айдың ішінде халықтың алдына шығып, неге көп сұраққа жауап бере алмағандарыңды енді түсіндім. Бір сұраққа жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жолды іздеп жауап бере алмай отырсыз. Депутат тікелей сұрады ғой. Екі мәселе шешу керек ол үшін. Біздің заң, сіздердің бұйрықтарыңыз бойынша! Қалай басқарып жүрсіз? Соны білмейсіз. Үш апта бойы халыққа зейнетақының жеткілікті деңгейінің мән-жайын түсіндіре алмай, ауыздарыңызды жауып отырғандарыңыз түсінікті болды. Оған қоса мұндағы заңға сілтедіңіз. Бұл сұраққа депутат Перуашев жауап берді», - деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы Жанат Құрмановқа жиынға келерде дұрыстап дайындалып келу керегін айтты.

Серіктес жаңалықтары