$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Отбасы банк» депозитіне аударылған зейнетақы қаражатын қайда жұмсауға болады

Растау мерзімі 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды

«Отбасы банк» депозитіне аударылған зейнетақы қаражатын қайда жұмсауға болады
Фото ашық дереккөзден

«Отбасы банк» зейнетақы қаражатын қамтитын депозиттерді қандай мақсатта жұмсауға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

  • тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу);
  • Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру;
  • жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

«Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері БЗТ көмегімен бөлек жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

Тағы бір өзгеріс БЗТ пайдалану мақсаттарын растау мерзіміне қатысты. Ол 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін өзгертілді.

Егер қазіргі уақытта www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушылар басқа мақсат таңдаған болса, онда оны жаңа мақсатқа оңай өзгертуге болады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары