Алматыда жыр болған жолайрық алты жылдан соң аяқталды
Көпір екі жыл бұрын қолданысқа берілуі тиіс еді
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық араға алты жылға жуық уақыт салып аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылыс жұмыстары бұған дейін бірнеше рет тоқтап та қалған еді. Әкімдік бұның себебін, осы аймақта орналасқан құрылыс иелерімен болған сот процестерінің ұзаққа созылуымен байланыстырды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метрді құрайды. Қолданысқа берілген жолайрық Рысқұлов даңғылы бойымен жүретін көліктерді өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойымен – 40 мың машинаға дейін арттырады.
«Биыл Алматының 274 көшесіндегі жаңа жолдардың ұзындығы 415 көшенің 108 шақырымын құрайды. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен 7 шақырым веложол салу жұмыстары аяқталды. Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта Құлжа трактісі бойынша екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылған болатын. Бұдан басқа, съездер бойынша Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне шығысқа қарай, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен Бұқтырма көшесіне съезд арқылы, бұрылу алаңына өтпестен қозғалыс ашылды», - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.