$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ләззат Ибрагимова: Зейнетақы жинақтарын алып жатқан 18-25 жас аралығындағы жастар үлесі – бес-ақ пайыз

Жинақ шоттарына 2% банк сыйақысы мен 20% мемлекеттік сыйлықақы есептелетін болады

Ләззат Ибрагимова: Зейнетақы жинақтарын алып жатқан 18-25 жас аралығындағы жастар үлесі – бес-ақ пайыз

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жастардың баспаналы болу мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында біз азаматтарымызға көптен күткен сүйінші жаңалықты қуана хабарлағымыз келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалды, енді қазақстандықтар Отбасы банкіндегі шоттарына жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аудара алады. Бұл оларға алғашқы жарнаны тиімді түрде жинап, жақын арада қоныс тойын өз үйлерінде тойлауға көмектеседі. Ең бастысы, бұл мүмкіндікті жастарымыз қолдана алады. Қазір зейнетақы жинақтарын алып жатқан 18-25 жас аралығындағы азаматтарымыздың үлес салмағы небәрі бес-ақ пайыз. Жасы мен үлкен жұмыс өтілінің жоқтығына байланысты олардың жинақтары жеткіліксіз, алайда дәл осы жастарымыз үшін баспана мәселесі өте өткір тұр. Жаңа мүмкіндік осы мәселені шешуге арналған, – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

БЗТ түскен депозиттер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің стандартты шарттарына бағынатын болады. Яғни, жинақ шоттарына 2% банк сыйақысы мен 20% мемлекеттік сыйлықақы (200 АЕК-тен аспайтын бір жылдық жинақ сомасына) есептелетін болады.

3 жылдың ішінде Отбасы банк депозитінің көмегімен, оған аударылған БЗТ-ны қолдана отырып баспана алу үшін тұрғын үй, аралық немесе алдын ала заем рәсімдеу қажет. Егер банк клиенті бұл аралықта зейнетақының артық қаражатын пайдаланып үлгермесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Серіктес жаңалықтары