$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Келер жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар қанша пайызға өседі?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 млн адам болды

Келер жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар қанша пайызға өседі?

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға сәйкес жыл сайын өсіп отырады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткіш 5%-ға индексациялау көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болды.

2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделуде.

  • 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге артады деп жоспарланған.
  • 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға артады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жәрдемақы мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 млн адам болды.

Серіктес жаңалықтары