$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.Р

еспубликаның оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады. М

ереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды — жауын-шашын, көктайғақ болжанады», - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары