$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскери ұшқыштар Мемлекеттік туды елорда аспанында қалықтатып алып ұшты

Ең үздік ұшқыштар экипажы «Менің Туым – менің Отаным» акциясына қатысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әскери-әуе күштері армия авиациясының жауынгерлік тікұшақтары көк аспанда тәуелсіз еліміздің символы – Мемлекеттік туды қалықтатып алып ұшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша, ең үздік ұшқыштар экипаждары «Менің Туым – менің Отаным» акциясына қатысты

«Ұшқыш-мергендер – ӘӘК армия авиациясының бастығы полковник  Нұрлан Байдуллаев, авиация базасының командирі полковник Мақсұтбек Әділбаев  Ми-171Ш тікұшағымен елорда аспанында Қазақстанның Мемлекеттік туын қалықтатып алып ұшты. Бұл көріністі орындауда олармен тәжірибелі ұшқыштар мен штурмандар басқарған Ми-17 бұрамалы қанатты тікұшақтар әуеде ілесіп ұшты», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Акцияға қатысуға іріктелген әскери ұшқыштар – әскери парадтардың, «КADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесіне қатысқандар. Олардың шеберлігінің арқасында жүздеген оқу-жауынгерлік тапсырмалар сәтті орындалып, республикалық және халықаралық оқу-жаттығулар, сондай-ақ байқаулар мен жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізілді.

«Ту – әр мемлекеттің басты символдарының бірі, елдің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Қазақстан халқы үшін маңызды күнді мерекелеу қарсаңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау арқылы акцияға қатысуды жөн көрдік», – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы полковник Нұрболат Топаев.

Әуе қорғанысы күштері Қазақстанның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін күзетуде. Авиация паркі жыл сайын техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен толықтырылып отыр. Кәсіби шеберліктіктерін шыңдау үшін жеке құрамға қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары