Орман өсіруге арналған алаңдар жүз пайыз қамтамасыз етілді – ЭГТРМ
2022-2023 жылдары ағаш өсіру және орман егу үшін 262 тоннаға жуық тұқым жиналды
Қазіргі таңда республикада 2649 га алаңда 218 орман питомнигі жұмыс істейді, кейінгі жылдары қолданыстағы питомниктерді 325 га кеңейту және 282 га алаңда жаңа орман питомниктерін құру жоспарланған, оларды толықтай іске қосу жоспарланған жұмыс көлемінің орындалуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жоспарлары туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтып берді.
«2022 жылға 112 мың га алқапта 280 млн дана көлемінде ағаш отырғызу жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдармен және экология министрлігіне қарасты ұйымдармен отырғызу материалдарын өсірумен қатар, жеке питомниктерден отырғызу материалдарын сатып алу көзделген. 2023 жылы орман өндірісі шеңберінде 190 мың га алаңға 410 млн дана көлемінде ағаш отырғызу жоспарланған. Отырғызу материалдарын өсіру жоспарына сәйкес, көшеттер 460 млн дана көлемінде шығарылады деп күтілуде», - деді спикер.
Сонымен қатар, 2022 және 2023 жылдары ағаш өсіру және орман егу үшін 262 тоннаға жуық тұқым жиналды.