07.12.2021, 23:17
Жаңалықтар
Ташкенттегі әлем чемпионатында қазақстандық ауыр атлет «алтын» ұтып алды
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті
Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруден берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды», - делінген хабарламада.
Ол жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, барлық қарсыластарын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Арли 260 келіні көтерді.
Күміс медальді Таиланд, қоланы Болгария спортшысы еншіледі.
Айта кетелік, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды