$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған азаматша айыппұл арқалады

Сот қаулысымен оған 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған азаматша айыппұл арқалады
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған азаматшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін елдімекенге ақпараттық-түсіндіру тобы келген кезде бірқатар азаматтар жүргізіліп жатқан екпеге наразылықтарын білдіргенін, ал жиналысқа қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырғанын жазған болатынбыз.

"Аталған факт бойынша Шиелі аудандық сотында әкімшілік материал қаралды. Ұсақ бұзақылық жасаған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары