Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды – Асхат Аймағамбетов

Azattyq Rýhy

Мұндай шешімді Бас санитария дәрігері қабылдады

Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ: олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитария дәрігерінің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады», - деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.

Сондай-ақ, министрге «омикрон» штамының таралуына байланысты «Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз», - деп түсіндірді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.