$ 529.7  545.96  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орал қаласының орысша «Уральск» атауы жойылуы мүмкін

Орыс тілінде немесе басқа тілдерде аталатын елді мекендердің атауларының жазылуы өзгеріссіз қалады

Орал қаласының орысша «Уральск» атауы жойылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Еліміздегі елді мекендердің атауы бұдан былай түпнұсқа бойынша жазылуы мүмкін. Бүгін Сенат қабырғасында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруылар енгізі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Заң жобасының тілге қатысты негізгі мақсаты деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес және түпнұсқа сәйкестігін сақтау арқылы қатесіз жазу болып саналады.  Осыған орай жоғарғы палатаның жалпы отырысында баяндама жасаған Білім және ғылым минисрі Асхат Аймағамбетов елді мекендердің атауына қатысты талаптарды атап өтті.

«Жобада еліміздегі әкімшілік аумақтық бірліктердің физико-географиялық атауларын жазу бойынша арнайы нормалар қарастырылды. Алайда атап өтсек, орыс тілінде немесе басқа тілдерде аталатын елді мекендердің атауларының жазылуы өзгеріссіз қалады. Мәселен, «Мичурина» ауылы сол нұсқасымен жазылады, яғни қазіргідей «Мичурин» деп емес. «Андреевка» ауылы да дәл осылай жазылады, «Андреев» ауылы деп транслитерациямен жазбаймыз. «Орал» қаласы «Уральск» емес, сол «Орал» қаласы ретінде тұпнұсқасымен жазылу мәселесі қарастырылып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр Заң жобасында көрсетілген жол белгілеріндегі жазуларға да қатысты мәселелерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда жол белгісінің жазуы мемлекеттік тілде ғана жазылады. Алайда бұл заңның халықаралық жолдарға және туристік объектілерге қатысы жоқ.

Серіктес жаңалықтары