$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 3 жасар бала әжетхана шұңқырына құлап кетті

Ақниет ауылында құтқарушылар бүлдіршінді шұғыл шығарып, дәрігерлерге тапсырды

Түркістан облысында 3 жасар бала әжетхана шұңқырына құлап кетті
Фото: ТЖМ

Түркістан облысында ауладағы дәретханаға құлап кеткен 3 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Ақниет ауылында болған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне жеке үйдің ауласындағы әжетханаға 2023 жылы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Бүлдіршін шұңқырдан өздігінен шыға алмаған.

Хабар түскен бойда оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері мен техникасы жіберілді. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен баланы әжетхананың түбінен шығарып алды.

Құтқарылған бүлдіршін бірден жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп, балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмауға шақырды.