Ауа райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды
Шектеу қойылған учаскелердің тізімі жарияланды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше облыста республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 8 наурыз таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шектеу қойылған учаскелердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай өңірлерде жол жабық?
Синоптиктердің дауылды ескертуінен кейін еліміздің төрт облысында көлік қозғалысына тыйым салынды.
Ақмола облысы:
Астана — Шидерті: Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін (16-200 км);
Астана — Қостанай: Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін (346-407 км);
Астана — Қарағанды: Жібек Жолы ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін (30-92 км).
Қарағанды облысы:
Астана — Алматы: Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақылы өткеліне дейін (92-164 км);
Қалқаман — Ботақара: Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейін (231-324 км);
Қызылорда — Павлодар: Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін (1066-1135 км).
Павлодар облысы:
Қызылорда — Шидерті: Қарағанды облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін;
Павлодар — РФ шекарасы: Шарбақты бағыты бойынша;
Астана — Павлодар: Ақмола облысының шекарасынан Атамекен ауылына дейін;
Павлодар — Семей: Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейін.
Абай облысы:
Семей — Павлодар: Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін (587-733 км) жол жабық.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланған. Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні күшейіп, жолдағы көрініс нашарлауы мүмкін.