$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекетке 800 млн теңгеден астам залал келтірген азамат сотталды

Ол жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан

Мемлекетке 800 млн теңгеден астам залал келтірген азамат сотталды
Фото ашық дереккөзден

800 миллион теңгеден астам көлемде мемлекетке залал келтірген Павлодар қаласының тұрғыны сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны П.Ысқақовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

 «П.Ысқақов екі жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға жәрдемдескен. Заңға қайшы схемаға ол бақылауындағы 4 жалған фирманы –«Трейд Маркет KZ» ЖШС, «ҚазҚызмет 2050» ЖШС, «КазСтокИнвест» ЖШС және «Жолбарыс 2050» ЖШС пайдаланды», - делінген хабарламада.

Осылайша, мемлекетке төленбеген салық түрінде 827 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген. П. Ысқақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


 

 

Серіктес жаңалықтары