Шымкентте 650 млн теңгеге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды
Ол салықтан 2017-2019 жылдар аралығында жалтарған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті кәсіпкер А.Сазоновтың салықтан жалтарғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, А.Сазонов «Nuclear Engineering» ЖШС басшысы бола тұра 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізді.
Сонымен бірге, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, қайта тіркеуі сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланды.
Нәтижесінде мемлекетке 657 миллион теңгеден астам мөлшерде төленбеген салық түрінде залал келтірілді.
Агенттіктің хабарлауынша, А.Сазонов сотталды сондай-ақ, одан залал сомасы өндірілді.