ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

eGov-та кейбір қызметтер уақытша тоқтатылды

Порталда қаңтардың 6-7 аралығында кейбір қызметтер қолжетімсіз болады

Фото: ашық дереккөзден

eGov.kz порталында әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік қызметтері қолжетімсіз, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҰАТ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы» өкілдері ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары жүргізген жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұсынатын мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында 2020 жылы қаңтардың 6-7 аралығында қолжетімсіз болатынын хабарлайды», - делінген хабарламада.

Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша электрондық қызметтер, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген кезеңде жұмыс істемейді.

Тегтер: