$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2,6 млрд заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған азамат сотталды

Ол бес жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды

2,6 млрд заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған азамат сотталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы тұрғыны заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласының аумақтық департаменті заңсыз қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысты қылмыстық әрекет жасаған ер адамға қатысты соталды тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында күдіктінің 2017 жылдың аяғынан 2020 жылға дейінгі аралықта бақылаудағы төрт компания арқылы жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеден аса сомаға жалған бухгалтерлік құжаттарды беру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметін көрсеткені анықталды.

Ол бес жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #алаяқтық