29.11.2021, 09:04
Жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 13 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
КВИ-дан 26 991 адам емделіп жатыр
Бір тәулікте 13 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
27 қарашада расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 11 адам, тағы екі пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ -) қайтыс болды.
29 қарашада КВИ-дан 26 991 адам (23 396+ және 3 595 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда – 5 809 пациент, амбулаториялық деңгейде 21 182 пациент бар.
Науқастар арасында:
- ауыр халде – 396 пациент,
- аса ауыр дәрежеде – 119 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 75 пациент.
Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде 795 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 827 науқас аталмыш инфекциядан емделіп шықты.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды