$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтаннан Оралға дейін: марафоншылар жолға шықты

Марафон 8 күнге созылады, жалпы қашықтық 2 021 шақырымды құрайды

Нұр-Сұлтаннан Оралға дейін: марафоншылар жолға шықты

Елордада «Нұр-Сұлтан-Орал» марафоны басталды. Егемендіктің 30 жылдығына орай аламан марафонға қатысатын 15 тәжірибелі желаяқ елордадан аттанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараны «Астана Желаяғы» марафоншылар клубы» ҚБ «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ-мен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырды.

Марафон «Nur Otan» партиясының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Марафонның ресми ашылу рәсіміне 6-шы шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылар комиссиясының өкілі, Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев қатысты.

Марафон 8 күнге созылады, жалпы қашықтық 2 021 шақырымды құрайды.

Бағыт Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал қалалары арқылы өтеді.

Серіктес жаңалықтары