Алматы облысында кәсіпкер ауылдастарына амбулатория салып берді
15 сотық жерге салынған бұл ғимарат орнында бұрын ескі пошта болған
Жомарт жан екі қабатты ғимаратты жерлестеріне Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай тарту етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік нысанды салып, сыйлаған Тавабир Чикаев. Өзінің туған жері Төле би ауылында ашылған амбулатория тәулігіне 50 адамды қабылдауға қауқарлы.
«Жалпы көлемі 325 шаршы метрлік екі қабатты ғимаратта тәулігіне 50 адам қабылдайтын амбулатория, пошта торабы мен учаскелік полиция бөлімшесін қоныстанды. Ашылуына аудан әкімі Әлібек Жақанбаев арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Халық жомарт жүректі кәсіпкер Тавабир Чикаевқа алғыстарын білдіріп, қошемет көрсетті. 15 сотық жерге салынған бұл ғимарат орнында бұрын ескі пошта болған. Небәрі үш ай ішінде салынған нысан Көктөбе тұрғындарына қызмет көрсетпек», - деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.