Қазақстанда 500-ден астам жаңа өнім түрі өндіріледі
Тәуелсіздік жылдары 181,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Елімізде соңғы 30 жылда көлік құралдары, трансформаторлар, рентген аппаратурасы сынды өнім түрлері өндіріледі. Бұл туралы бүгінгі өткен «Nur Otan» партиясының саяси кеңес отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстанда 500-ден астам жаңа өнім түрі өндіріледі. Бұған қоса, Тәуелсіздік жылдары 181,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 1 тұрғынға шаққанда тұрғын үй 22,6 шаршы метрге дейін ұлғайды. 1991 жылы 14,4 шаршы метр болатын.
Сонымен қатар, орнықты саяси институттары мен бәсекеге қабілетті қуатты экономикасы бар кемелденген демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Орталық Азия аймағының экономикалық көшбасшысы ретінде және халықаралық аренада көпвекторлы және теңдестірілген сыртқы саяси бағыты бар беделді және тұрақты мемлекет ретінде нығайды», - дейді Асқар Мамин.