Еліміздің IT саласына 101 млрд теңге инвестицияланды
Қазақстанда 262 жаңа IT-компания тіркелді
Елімізде экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы бойынша 40 іс-шара орындалып, бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Премьер-министрдің айтуынша, тәуелсіздік алған жылдардан бастап республика аумағында жалпы құны 45 трлн теңгені құрайтын 3 мыңнан астам инвестициялық жоба іске асырылды.
Сондай-ақ, Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласын да фермерлер үшін тиімді тетіктер қарастырылғанын атап өтті. Нақтырақ айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 770 мың тоннаға форвардтық сатып алу тетігі арқылы келісімшарт жасалды.
Бұдан бөлек, экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы бағытында заманауи саланың да қарқыны алға басқан.
«Астана» халықаралық қаржы орталығында 66 жаңа шетелдік қатысушы компаниясы тіркелді. Елімізде 262 жаңа IT-компания тіркеліп, бұл бағытта 101 млрд теңге инвестицияланды», - деп атап өтті Асқар Мамин.